24.07.2025
МАРОККОДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ҮНДЕСТІГІ КЕШІ

Мектеп спорт федерациясы Президиумы Марокко Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саулекүл Сайлауқызына және Елшілік ұжымына Қазақстан мәдениеті күнін ұйымдастыруда көрсеткен жан-жақты қолдауы мен белсенді ықпалдастығы үшін алғыс білдірді.

Аталған іс-шара Марокко Корольдігінің Үкіметінің қолдауымен Халықаралық мектеп спорт федерациясы ұйымдастырған Гольфтан Әлем чемпионаты аясындағы Ұлттар кешінің шеңберінде өткізілді.

Саулекүл Сайлауқызының жеке қатысуы мен Елшіліктің зор ықыласы арқасында бұл шара жоғары деңгейде өтіп, Қазақстанның мәдени байлығы халықаралық аудиторияға лайықты түрде таныстырылды. Қазақстанның дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен құндылықтары ұсынылған мәдени бағдарлама қонақтар мен чемпионатқа қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен оң пікір туғызды.

Мұндай тығыз өзара іс-қимыл мәдени дипломатияны ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына және жүйелі көзқарасты талап ететініне сенімдіміз. Осындай бастамаларға шетелдік мекемелердің қолдау көрсетуі – отандастарымыздың халықаралық гуманитарлық, спорттық және білім беру жобаларына табысты қатысуының маңызды факторы.