02.03.2026
МЕКТЕПТЕГІ ДЗЮДО

2026 жылдан «Келешек мектептері» жобасына кіретін мектептерде дзюдо секциялары енгізілді. Олар пилоттық жоба ретінде іске қосылды.

Жоба мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырылып жатыр.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ел бойынша 217 жаңа мектепте дзюдо секциялары ашылады, бұл мектептерде шамамен 460 000 оқушы білім алатын болады.