06.11.2026
ТМД форматындағы халықаралық диалог

2026 жылғы 5 қарашада Мәскеуде ТМД елдерінің ХІІІ-ші Халықаралық мектеп спорты фестивалі аясында «Мектеп спорты: елдер диалогы және тәжірибе алмасу» халықаралық конференциясы өтті.

Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және басқа да елдердің спорт федерацияларының, мемлекеттік мекемелерінің, білім беру ұйымдарының өкілдері мектеп спортын дамыту перспективаларын, халықаралық ынтымақтастықты, балалардың спорттық жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылады.

Бүкілресейлік мектеп спорты федерациясының президенті Ирина Роднина мектеп спортының қарым-қатынас, білім беру және командалық рухты дамыту кеңістігі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық делегация мектепішілік жарыстарды өткізудің үш сатылы жүйесі, білім беру және спорт ұйымдарының өзара іс-қимылы, Халықаралық мектеп спорты федерациясымен (ISF) ынтымақтастық тәжірибесімен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасуды жандандыру, спорттық күнтізбелерді үйлестіру, 2027 жылға арналған бірлескен жобаларды әзірлеу туралы келісімге келді.

Мектеп спорты - тек жарыс пен нәтиже ғана емес, ол ең алдымен денсаулық, достық, тең мүмкіндіктер және халықаралық ынтымақтастық болып табылады.