07.12.2023
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛІМІЗДІ IPASS-ТА ҰСЫНАДЫ

Қазақстан Мектеп спорт федерациясының ұсынысымен Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаттары Вера Александровна Ким мен Ерлан Дәулетұлы Стамбеков Мектеп спортының Халықаралық парламенттік Альянсының (IPASS) қызметіне қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, IPASS 12 қазанда құрылған.

Осындай маңызды ауқымдық диалог аланын құруға Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) толық қолдау көрсетті.

IPASS-тың негізгі мақсаты ұлттық заңнамаларды жетілдіру арқылы мектеп спорт жүйесін дамытуды күшейту болып табылады.

IPASS қызметіне 134 елдің жоғары заң шығарушы жиналыстарының өкілдері қатысатынын күтілуде, осылайша парламентарлық байланыстарды кеңейтуге және дене тәрбиесі саласын нормативтік реттеу мәселелерінде озық халықаралық тәжірибені пайдалануға бірегей мүмкіндік беріледі.