«Өнердегі спорт» атты жас суретшілердің Ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.
Жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп, Мектеп спорт федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. Байқаудың демеушісі - «Центр Крепежа» компаниялар тобы, ал серіктесі - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 15-18 жас аралығындағы жас суретшілер қатысып, «Сурет өнері» және «Цифрлық өнер» бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
«Сурет өнері» бағыты бойынша:
I орын - Айым Балабек (Жамбыл облысы);
II орын - Гульназ Елюбаева (Ақтөбе облысы);
III орын - Данель Мухаметрахимова (Абай облысы).
Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Орындау техникасы үшін» - Нұрлыайм Адильшинова (Ақмола облысы);
«Идеяның түпнұсқалығы үшін» - Мария Мулькова (Солтүстік Қазақстан облысы);
«Үздік композиция үшін» - Лидия Пырлий (Қызылорда облысы).
«Жеңіске деген жігері үшін» арнайы номинациясында Рустам Касымов (Ақмола облысы), Ариана Кошарная (Ақтөбе облысы), Айзере Рысбай (Жамбыл облысы), Ислам Темур (Алматы облысы) ерекше көзге түсті.
«Цифрлық өнер» бағыты бойынша:
I орын - Арай Байдельдинова (Ақмола облысы);
II орын - Алексей Сафронов (Абай облысы);
III орын - Руслан Хайрулин (Ақмола облысы).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар, жүлдегерлер мен номинация иегерлері дипломдармен және марапаттармен, ал барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы шығармашылық табыстар тілейміз.
