10 желтоқсанда Парижде (Франция) Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) атқарушы комитетінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына онлайн-форматта Қазақстанның Мектеп спорт федерациясының төрағасы, ISF атқарушы комитетінің мүшесі Нұржан Нұрахметов қатысты.
ISF атқарушы комитеті басқарушы органдардың есептерін тыңдады, ұйымның кейбір стратегиялық мәселелері қаралды, 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама мен іс-шаралар күнтізбесі бекітілді.
Отырыста алдағы жаһандық жобаларды, соның ішінде Франция мен Қытайдағы Дүниежүзілік гимназиадаларды іске асыру механизмдері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды