22 желтоқсанда Азия мектеп спорт федерациясының (ASSF) Бас Ассамблеясы мен Атқарушы комитетінің отырысы өтті.
Олардың онлайн-форматтағы жұмысына Қазақстанның мектеп спорт федерациясының төрағасы, ASSF атқарушы комитетінің мүшесі Нұржан Нұрахметов қатысты.
ASSF атқарушы комитеті басқарушы органдардың есептерін тыңдады, ұйымның кейбір стратегиялық мәселелері қаралды, 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама мен іс-шаралар күнтізбесі бекітілді.
Бас Ассамблеяның отырысында мектеп спортын одан әрі дамыту бойынша бірқатар бастамалар талқыланды, сондай-ақ Оман мен Түркіменстан мектеп спорт федерациясының ASSF мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылданды.