Бүгін Мектеп спорт федерациясы мен ENACTUS Kazakhstan басшыларының кездесуі өтті. Тараптар жастар кәсіпкерлігін дамыту және мектеп спорты саласындағы әлеуметтік бастамаларды қолдау саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Мектеп спортының өзекті міндеттерін шешуге, спортпен шұғылданудың қолжетімділігін кеңейтуге және балалардың дене дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлік жобаларды әзірлеуге оқушылар мен студенттерді тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының ішінде мектептің спорттық инфрақұрылымын дамыту үшін қолжетімді және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша бастамалар қаралды.
Тараптар екі ұйымның тәжірибесі мен әлеуетін біріктіру бастамашыл жастарды қолдауға, әлеуметтік маңызы бар кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін жағдай жасауға және мектеп спортының дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті дамытуға және бірлескен қызметтің нақты бағыттарын одан әрі пысықтауға өзара мүдделілік расталып қолдау тапты.
Естеріңізге сала кетейік, ENACTUS - студенттердің, кәсіпкерлердің және оқытушылардың халықаралық қауымдастығы. Мұнда жастар кәсіпкерлікті іс жүзінде үйренеді: нақты әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешетін жобалар жасап, көшбасшылық қасиеттерін дамытады.
16-19 қараша аралығында ENACTUS-тың қазақстандық делегациясы Сан-Паулу қаласында (Бразилия) өтетін ENACTUS World Cup 2026 әлем кубогына қатысады. Командамызға сәтті өнер көрсетуді тілейміз. Бұл әлемдік дода Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстыруға, қазақстандық жастардың инновациялық жобалары мен жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болсын.
