18.04.2023
РЕГБИ СПОРТЫН ДАМЫТУҒА ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Бүгін Алматыда мектеп спорт федерациясы Президиумының төрағасы Нұржан Нұрахметов пен Қазақстандық регби федерациясының (QAZAQSTAN RUGBY) президенті Айгүл Джартыбаева регби спорт түрін насихаттаумен дамыту туралы келісім-шартқа қол қойды.

Тараптар білім беру субъектілерінде регбиді дәріптеудің маңыздылығымен келісті және жаттықтырушылар құрамын даярлау мен біліктілігін арттыруға, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге, Дүниежүзілік гимназиадаға және басқа да халықаралық турнирлерге қатысу үшін құрама командаларды қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Кездесу барысында тараптар елімізде регбиді жан-жақты дамытудың қолайлы жолдарын атап өтті. Бірлескен шаралар аясында клубтық жүйені енгізу, жас регбишілерді оқыту әдістемесін жетілдіру, шеберлік сабақтарын өткізу және т.б.

Жақын арада бірлескен жұмыс жоспарлары бекітілетін болады.