13.08.2025
РЕГБИШІЛЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ӨНЕРІН АЯҚТАДЫ

8-11 тамыз аралығында Гонконгте өткен регби-7 бойынша Азия чемпионаты құрлықтың ең мықты құрамаларын бір аренаға жинады. Ұлттық құрамасы бірқатар шиеленісті кездесулер өткізіп, қайсар мінез бен жанкешті ойын үлгісін көрсетті.

Турнирдің алғашқы күнінде қазақстандықтар Малайзия құрамасымен кездесті. Қарсыластардың мықты қысымына қарамастан және бірнеше әсерлі шабуылдар ұйымдастырғанына қарай, жеңіс малайзиялықтарға бұйырды (5:45). Алайда сол күнгі екінші ойында спортшыларымыз табандылық танытып, Қытай құрамасын 17:12 есебімен тізе бүктірді.

Екінші ойын күнін Қазақстан құрамасы турнир иелері - Гонконг командасын сенімді түрде ұтып (45:0), матчты толық бақылауда ұстаумен бастады. Дегенмен, Сингапурға қарсы кездесуде қарсылас берік қарсылық көрсетіп, матч 0:33 есебімен аяқталды.

Турнир кестесінде үшінші орын үшін болған шешуші матчта қарсылас Таиланд құрамасы болды. Ойын тартысты өтті, алайда сәттілік қарсылас жағында болып, қорытынды есеп - 10:5 Таиландтың пайдасына шешілді.

Жалпы алғанда, ұлттық құраманың өнерін бағалай отырып, Қазақстан командасы жоғары дайындық деңгейін, өзара түсіністігін және әр матчта соңғы ысқырыққа дейін күресуге деген жігерін паш етті.

Біз спортшыларымызға және бапкерлік құрамға жанкештілігі, төзімділігі және Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен танытқаны үшін алғыс білдіреміз.