06.12.2025
СЕНІМДІ ЖЕҢІС: ҚАЗАҚСТАН-МАКАО 2:0

Бүгін волейболдан Әлем чемпионатының аясында Қазақстан құрамасы Макао командасын 2:0 есебімен сенімді жеңіп, жинақы әрі үйлесімді ойын өрнегін көрсетті.

Казақстандық волейболшы қыздар матчтың барысын толық бақылауда ұстап, әрі доп бергенде, әрі шабуыл шебінде басымдық танытты. Алғашқы сет 25:14 есебімен айқын басымдықпен аяқталып, командалардың дайындық деңгейіндегі айырмашылықты айқындады. Екінші сетте Макао ойыншылары қарсылық көрсетуге тырысқанымен, Қазақстан құрамасы жинақылығын сақтап, сетті 25:20 есебімен жеңіске жеткізді.

2:0 есебімен тіркелген бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін маңызды нәтиже болып, олардың жақсы формасын және чемпионатқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетті.

Ертең, 7 желтоқсанда, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін өткізеді - бұл жолы Қытай командасымен. Бұл матч тартысты әрі көрнекті ойынға толы бәсекеге айналуы күтіледі.