18.09.2025
СЕРІКТЕСТІК ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Мектеп спорт федерациясы мектеп спортын дамытуға, тұрақты спорттық дәстүрлерді қалыптастыруға және балалар мен жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу, ұлттық құрама командаларды жасақтау, ақпарат пен әдістемелік материалдар алмасу, сондай-ақ мектеп спорт клубтары мен мамандандырылған спорт сыныптарын дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіруге уағдаласты.

Бөлек бағыт ретінде Қазақстанның Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) аясындағы жобаларға қатысуына және бұқаралық ақпарат құралдары, жастармен кездесу, білім беру бастамалары арқылы дене шынықтыруды насихаттауға ерекше назар аударылады.

Бұл меморандум тараптардың мектеп спорты саласында ұзақ мерзімді әрі жүйелі ынтымақтастыққа деген ұмтылысын айқын көрсетеді.