25.05.2023
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫН ДАМЫТУ - ФЕДЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МАНЫЗДЫ МАҚСАТЫ

Бүгін Мектеп спорт федерациясы Президиумының төрағасы Нұржан Нұрахметов пен Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының бірінші вице-президенті Никита Девяткин шаңғы жарысын насихаттаумен дамыту туралы келісім-шартқа қол қойды.

Тараптар білім беру субъектілерінде шаңғы жарысын дәріптеудің маңыздылығымен келісті және жаттықтырушылар құрамын даярлау мен біліктілігін арттыруға, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге, Дүниежүзілік гимназиадаға және басқа да халықаралық турнирлерге қатысу үшін құрама командаларды қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Кездесу барысында тараптар елімізде шаңғы жарысын жан-жақты дамытудың қолайлы жолдарын атап өтті. Бірлескен шаралар аясында клубтық жүйені енгізу, жас спортшыларды оқыту әдістемесін жетілдіру, шеберлік сабақтарын өткізу және т.б.

Жақын арада бірлескен жұмыс жоспарлары бекітілетін болады.