22.06.2023
ТАЕКВОНДОНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Алматыда мектеп спорт федерациясы Президиумының төрағасы Нұржан Нұрахметов пен Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Чилманов таеквондоны насихаттаумен дамыту туралы келісім-шартқа қол қойды.

Тараптар білім беру субъектілерінде таеквондоны дәріптеудің маңыздылығымен келісті және жаттықтырушылар құрамын даярлау мен біліктілігін арттыруға, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге, Дүниежүзілік гимназиадаға және басқа да халықаралық турнирлерге қатысу үшін құрама командаларды қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруға уағдаласты.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын, таеквондоны дамытудағы бірқатар проблемаларды талқылады. Бұл ретте спорт клубтарын құру, кадрларды аттестациялау, спорттық атақтар мен разрядтарды беру мәселелерін қамтитын қысқа мерзімді мақсаттар мен міндеттер айқындалды.

Тараптар алдағы уақытта форум және басқа да шаралар өткізуді жоспарлап отыр.