19.11.2026
Қазақстанда цифрлық спорт кітапханасы құрылуда

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мектеп спорт федерациясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжат жалпы оқуды, білімді насихаттауға және дене шынықтыру және спорт саласындағы білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған жаңа ақпараттық - білім беру жобасы - цифрлық спорт кітапханасын қалыптастыру және дамыту бойынша бірлескен жұмысты көздейді.

Бастама «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда және оқу мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың спорттық әдебиетке, ғылыми білімге және отандық спорт тарихына қызығушылығын арттыруға үлес қосуға бағытталған.

Мектеп спорты федерациясы құрған цифрлық спорт кітапханасы кітаптар, ғылыми жарияланымдар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, дене тәрбиесі, спорттық педагогика, спорт тарихы және басқа да бейіндік бағыттар бойынша материалдарды біріктіретін мамандандырылған электрондық алаңға айналады.

Меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы цифрлық қорды жинақтауға және жүйелеуге, сирек басылымдарды, мұрағаттық құжаттар мен тарихи материалдарды іздестіруге және анықтауға, сондай-ақ қолжетімді цифрлық ресурстарды ұсынуға сараптамалық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Спорттық мұраны, оның ішінде спорттық қозғалыстың даму тарихын, отандық спортшылардың жетістіктерін және елдегі дене шынықтырудың қалыптасуын сақтау және насихаттау ерекше маңызға ие болмақ.

Тараптар сондай-ақ бірлескен ғылыми-ақпараттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды: тақырыптық кітап көрмелерін, семинарларды, конференцияларды, тұсаукесерлерді (презентацияларды) және оқу мен спорттық ағартуды ілгерілетуге бағытталған басқа да бастамаларды өткізуді жоспарлап отыр.

Цифрлық спорт кітапханасының іске қосылуы кітапхана ресурстарын, ғылыми білімді және заманауи ақпараттық технологияларды біріктіре отырып, спорттың цифрлық білім беру ортасын дамытудағы айқын жаңа қадам болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Мектеп спорт федерациясының ынтымақтастығы оқу, білім беру және спорт бір-бірін өзара толықтыратын, өскелең ұрпақтың интеллектуалдық және дене шынықтырудың дамуына ықпал ететін қолжетімді ақпараттық кеңістік құруға бағытталған.