22.12.2022
ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП СПОРТЫНА ҚОҒАМДЫҚ СЫЙЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2022 жылы 21 желтоқсанда Астана қаласында алғаш рет мектеп спорты саласындағы Қоғамдық сыйлықтың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Бұл шараға орталық мемлекеттік органдардың, жалпы білім беру жүйесінің субъектілерінің, спорт федерацияларының және БАҚ өкілдері қатысты. Марапаттың негізін қалаушы Мектеп спорты федерациясы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының қолдауымен болды.

Жобаның басты мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің, жаттықтырушыларының, спорт төрешілерінің, спортшылар мен спорт қайраткерлерінің мектеп спортына сіңірген еңбегін көпшілік алдында таныту.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша тағайындалады:

«Елдің спорттық резервін дайындауға қосқан елеулі үлесі үшін»;

«Оқытудағы табысы үшін»;

«Әдістемелік жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін»;

«Секциялық жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін»;

«Түзету білім беру ұйымдарында дене шынықтыру және спорт жұмысын ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі үшін»;

«Әділ және бейтарап спорт төрелігі үшін»;

«Жоғары спорттық жетістіктері үшін»;

«Мектепте дене шынықтыру мен спортты белсенді насихаттағаны үшін»;

«Дене шынықтыру мен спортты бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялағаны үшін»;

«Мектептің спорттық инфрақұрылымын дамытудағы табыстары үшін» Байқау комиссиясының шешімімен жүлде өнері жоғары бағаға лайық 30 лауреатқа берілсе, лауреаттардың бірі ақшалай сыйлықтың иегері атанды.

Мектеп спорты федерациясының басшысы Нұржан Нұрахметов атап өткендей, бұл жоба дене шынықтыру және спорт саласында жетістікке жету ынтасын арттыру тұрғысынан маңызды. Жүлдегерлердің әрқайсысы дене шынықтыру мен спортты дамытуға зор үлес қосты және олардың бұл жолдағы еңбегін жұртшылықтың мойындауы ерекше ынталандыруға айналды.

Өз кезегінде сөз алған Оқу -ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов жобаның мектеп спортын одан әрі дамытудағы алатын орны ерекше екеніне тоқталды. Оның тиімділігін мойындай отырып, ол спорт жетекшілерін қолдау үшін мұндай шараны қолданудың орындылығын мәлімдеді.

Сыйлық жыл сайынғы шараға айналады.