20.06.2022
ЛИЛЛЬДЕ ЕУРОПАЛЫҚ СПОРТ ФОРУМЫ ӨТТІ

2022 жыл Еуропалық жастар жылы болып жарияланды.

Осы тұрғыда 17 маусымда Лилльде (Франция) Еуропалық спорт форумы өтті.

Форумға ISF президенті Лорен Петринка қатысты.

ISF басшысы өз сөзінде ISF-тің жастар арасында спорт құндылықтарын насихаттаудағы рөлін ерекше атап өтті. Сонымен бірге ол көптеген маңызды мәселелерге, соның ішінде білім беру субъектілерінде спортты дамытудың жеткіліксіз тиімділігіне қатысты мәселелерге тоқталды.

Форум барысында қатысушылар спорт саласындағы кейбір түйткілді тұстарға қатысты өз ойларын ортаға салып, оларды шешу жолдарын ұсынды.