06.11.2026
Мәскеуде Халықаралық мектеп спорт фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 2-5 қараша аралығында Мәскеу қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің XIII халықаралық мектеп спорт фестивалі өтті.

Фестиваль жас спортшылардың басын қосып, олардың тәжірибе алмасуына, спорттық шеберлігін шыңдауына және халықаралық деңгейде өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жол ашты.

Бадминтон жарысында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Жекелей сында Дарья Нам III орынға ие болса, командалық сайыста қазақстандық спортшылар II орын иеленді.

Қазақстан намысын Арслан Орманов, Савва Абрамов, София Гальченко және Дарья Нам қорғады.Командаға бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының Бас жаттықтырушысы Асқар Орманов жетекшілік етті.

Жас спортшыларымыз бен жаттықтырушысын жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!