04.07.2022
РАБАТТА ISF АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

29 маусым мен 1 шілде аралығында Рабатта (Марокко) Халықаралық мектеп спорт федерациясының атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Атқарушы комитетінің отырысына ISF басшысы Лорен Петринка, оның вице-президенттері, ISF бас хатшысы және спорт директоры, атқарушы комитетінің мүшелері, соның ішінде Қазақстан мектеп спорт федерациясының төрағасы Нуржан Нурахметов қатысты.

Отырыс барысында ISF басшылығының есептері тыңдалды, алдағы спорт жобалары бекітілді, ISF іс-шараларына қатысудың қаржылық мәселелері қаралды, ISF комитеттерінің басшылары сайланды.