23.02.2026
ВЕРОНАДА ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Италияның Верона қаласында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты кеш Еуропадағы ең танымал тарихи нысандардың бірі - екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды. Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет жабылу салтанаты осындай көне амфитеатрда өтіп, тарихи орын заманауи сахна кейпіне енді.

Дәстүр бойынша салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі аяқталған соң Олимпиада туы түсіріліп, келесі қысқы Олимпиаданы қабылдайтын ел – Франция өкілдеріне табысталды. 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары осы мемлекетте өтеді. Сондай-ақ ұйымдастырушы ел алдағы доданың «Таң шуағы» атты таныстырылымын ұсынды. Одан кейін италиялық сазгер Людовико Эйнаудидің әуенімен Милан мен Кортинада жанған 2026 жылғы Олимпиада алауы сөндірілді.

Айта кетейік, Италиядағы Олимпиадада Қазақстан құрамасының атынан 36 спортшы 10 спорт түрінде сынға түсті. Медальдық есепте еліміз бір алтын жүлдемен 19-орынға тұрақтады.

Дереккөзі: Ұлттық Олимпиада комитеті