Кеше Астанада волейболдан мектеп командалардын арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы раунды аяқталды.
Бұл жобаны Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы елордалық волейбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Соңғы ойындарында жалпы 8 өңірлік команда қатысты, оның ішінде Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы.
Волейбол шайқастары барысында көптеген керемет және өткір шабуылдар, командалардың сауатты қорғаныс әрекеттері бейнеленген, ал ойынды сапалы басқару жаттықтырушылар құрамының кәсібилігін көрсетеді.
Командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді.
Ұлдар арасындағы табанды күресте бірінші орынды Астана қаласының командасы («Өркен» клубы) иеленді, екінші орынға Маңғыстау облысының құрама командасы жайғасты, ал білім басқармасы жанындағы өңірлік дене тәрбиесі және спорт орталығының атынан қатысқан Атырау облысының ойыншылары қола жүлдегер атанды.
Қыздар арасындағы жарыста елордалық команда (спортты дамыту дирекциясы) барлық өңірлік командаларды сенімді түрде жеңіп, абсолютті чемпион атанды. Тұғырдың екінші сатысына Қорғалжын ауданының ойыншыларынан қалыптастырған Ақмола облысының командасын басып озған Маңғыстау облысының құрама командасы лайықты түрде көтерілді.
Марапаттау рәсімінде әлемдік біріншілікке жолдамалар Астана қаласы мен Маңғыстау облысының командаларына табысталды.
Волейбол командаларына сәттілік тілейміз!