28.02.2022
"JUMA-NUR " КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ТУРНИРДЕ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

24-28 ақпан аралығында Семей қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо орталығының құрылғанына бір жыл толуына орай таеквондодан (WT) ашық турнир өтті.

Елордалық "Juma-Nur" клубының спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, барлық жүлделердің қомақты үлесін алды.

Төменде турнир қорытындысы келтірілген.

Бірінші орынды Аянқызы Айнұр, Бауыржанұлы Жаслан, Далелхан Шынар, Томирхан Имран, Серікболатқызы Аяулым, Ержан Ерәлі, Ажит Ақтілек, Серікболұлы Санжар, Дүйсебай Аяулым, Қалдар Диана, Мұқпын Салауат, Жукенов Темирлан, Ажит Жумагуль, Мырзабек Аманжол, Раймбекова Айзере, Сейлбекұлы Аслан, Азатқали Әбіл және Тлеубаева Жанель жеңіп алды. Клуб тәрбиеленушілерінің арасында жүлдегерлер де бар.

Екінші орынды Берікболұлы Айдын, Досболұлы Мейір, Жұмағали Ермұрат, Сембаев Шыңғыс және Манарбек Ерлан иеленді. Ал қола жүлдегерлер Икромов Умар, Тлеуберді Нурадил және Амантай Дәуірболды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!