20.04.2024
ҮЗДІК КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Астанада мектеп командалары арасында баскетболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойындары аяқталды.

Динамикалық және епті комбинациялар, жылдам және дәл лақтыру - төрешілер алқасының өкілдері командалардың ойындарын осылай сипаттайды.

Жарыс нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді.

Ұлдар командалары арасында: I орын - Астана қаласының «Нұр-Орда» халықаралық мектебінің командасы; II орын - Жамбыл облысы мектептерінің құрама командасы; III орын – Астана қаласының №32 мектеп-гимназиясының командасы.

Қыздар командалары арасында: I орын - Астана қаласының «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының командасы; II орын - Атырау облысы мектептерінің құрама командасы; III орын - Жамбыл облысы мектептерінің құрама командасы.

Құттықтаймыз!