Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққан нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізу және олардың аккредитациясына қойылатын талаптарды белгілеу туралы заң жобасын әзірледі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап балалар-жасөспірімдер спортын қаржыландыруды шамамен екі есеге арттыру жоспарланып отыр.
Жаңа модель балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің материалдық қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.
Ведомство мәліметінше, жан басына шаққан қаржыландыруға көшу саладағы басқару тиімділігін арттыруға бағытталған қадам ретінде қарастырылуда.
