Дені саудың – жаны сау. Бұл дана сөздер осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Спорт баланың дене тәрбиесіне ғана емес, оның психикалық және рухани қасиеттерін нығайтуға оң ықпал ететіні еш күмән туғызбайды. Спорттың салауатты ұлтты қалыптастырудағы ролі де талассыз. Бұл сала заманауи қоғамда да бұрынғыдай үлкен сұранысқа ие және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Мемлекеттің қолдауымен жыл сайын спорттың материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді, жаңа ғимараттар салынып қолданыстағы спорт объектілері қайта өңделуде, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі механизмдері енгізілуде. Кешенді шаралардың арқасында балаларды спортқа баулудың тиімді құралына айналған аула спорты жандануда. Спорт саласын дамытуға жастар ұйымдары үлкен үлес қосуда. Олардың жүзеге асырып келе жатқан жобалардың салауатты өмір салтын насихаттауда және жастар ортасында қылмыстық қауіп-қатерлерді барынша азайтуда маңызы зор. Осы орайда, спортты ендіру сұрақтарына ерекше орын Жастар Жылында беріліп отыр. Барлық жерлерде белсенді жастар мыңдаған жасөспірімдерді қатыстырып сауықтыру акцияларын, спорттық тренингтер, мәрелер мен түрлі жарыстар ұйымдастыруда. Спортпен шұғылдану кез келген нысанда мүмкін екендігіне жастардың көздері жетті. Баскетбол, волейбол не футбол ойнау, түрлі интеллектуалдық ойындарда жарысу, жүгірумен айналысу немесе түрнектерде дене жаттығуларын жасау – мұның барлығы баршаға және әркімге де қолжетімді нәрсе. Осы орайда балаларды ынталандырудың мәні күшті, олардың дене белсенділігіне деген талпыныстарын демеп, спорттағы алғашқы қадамдарын жан-жақты марапаттаған абзал, ол, өз кезегінде, спорттың бұқаралық сипат алуына көп септігін тигізетіні анық. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылушы «Birinshi Jastar Oiyndary» жобасының басты міндеті – жастарды спортқа кеңінен қамту. Бұл жоба жүздеген ұлдар мен қыздарға өздерінің қозғалу мүмкіндіктері мен дене шынықтыру қасиеттерін жетілдіруге жағдай жасайды, бірқатар спорт құпияларын танып білуге, өздерінің спорттық таңдауын жасауға және болашағын айқындауға жақсы мүмкіндік береді. Біз олардың жеңістері мен өмірдегі жетістіктерін мақтан тұтатынымызға сенімдімін.
Зейнулла Ақан,
Мектеп спорт Федерациясының менеджері