Құрметті оқырман!
Бүгін мен допинг туралы және онымен неліктен күресіп жатқанымыз туралы аздап айтқым келеді.
Допинг... Сіз спорттық ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында осы сөзді естіген шығарсыз. Допинг туралы білуіңіз рас болғанымен, бірақ деректерді білген маңызды.
Допинг деген не? «Допинг» деп жаттығу мен жарыстардың нәтижелерін арттыратын, тыйым салынған заттар мен әдістерді санайды. Допинг туралы әңгімелегенде бірінші ойға келетіні – стероидтер, алайда допингке спортшылардың бас қа да тыйым салынған заттарды (ынталандырғыштар, гормондар, диуретиктер, есірткі мен марихуана) қолдану, тіпті допингілік тестілеуден өтуден бас тарту немесе, боямалау мақсатында, допинг-бақылау үдерісіне араласуға талпыныс та жатады. Спортқа әрі қарай қатысқан сайын, допинг – соғұрлым жиі кездесе беретін, проблема: сіздерді тыйым салынған заттарға тетстілеуі мүмкін; кейбір бәсекелестеріңіз , тыйым салынған заттарды қолданып, алдауы мүмкін; допинг қолдануға өзіңіз де қызығып, ұрынуыңыз мүмкін.
Адамдар неге алдайды? Спортшылардың көбі допингтің алдау екенін біле тұра, басын тәуекелге тігеді. Кейде спортшылардың алатын жүлдесі, ақшасы немесе абырой-атағы қате шешім қабылдауға себеп болады. Оларға допинг күш-қуат беріп, жаттығудың көп жылдарын қысқартады немесе жеңіске жетуге көмектеседі деп азғырады. Сонда олар өз спорттың мәнсабы мен денсаулығына қауіп төндіруге – қалайда жеңіп шығуға даяр болады! Басқалары өзгелерден озу үшін жаттықтырушылардың, ата-анасының немесе өзінің қысымына душар болады. Олардың пікірі бойынша допинг – басты мақсатқа жетудің жолы. Кейбір спортшылар допингті жарақаттарының салдарын еңсеру үшін қолданады. Жаттықтырушылар мен ұстаздар допинг ауырғанды басады, тез қалпына келесің деуі мүмкін, бірақ олар допингтің денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін, допинг – алдау екендігі туралы айтпайды. Себебі қандай болса да, допингті ақтауға болмайды.
Бұл неге өте маңызды мәселе? Допинг спортшылардың күш-қуаты мен бұлшық еттерін нығайтатыны, шаршағанды және ауырғанды басатыны рас, алайда оның жағымсыз әсері де бар. Кейбір допингілік заттар бет-әлпетін айтарлықтай өзгертеді. Мысалы, стероидтерді қолдану беттің, әсіресе арқаның, безеулігіне әкеп соқтырады. Стероидтерді қолдану ерлердің аталық ұрық безін кішірейтіп, импотенция мен шаштың түсіп қалуына соқтырады, ал әйелдердің дауысы жуандап, бетіне шаш өсе бастайды. Осыдан да ауыр салдар мен жанама нәтижеле болуы мүмкін. Допинг жүректің, бауырдың және бүйректің проблемаларын туындатуы мүмкі, бірқатар спортшылардың өлімі допинг қолдану нәтижесінде болғаны да рас. Спорттағы допинг – алдау. Адал айынның және спорттық жарыстың рухын жояды. Спорт тек жеңістің өзінен жоғары тұрады, сондықтан спорттың позитивті, беделді болуы үшін, адалдық, ынтымақтастық және ерлік сияқты қасиеттердің маңызы зор.
Қандай заттарға тыйым салынған? Спортта препараттардың көптеген түрлеріне, ағзаны бұзу әсеріне байланысты, тыйым салынған, олар спортшының денсаулығына және айындардың адал рухына қатерлі ықпал етеді. Дүниежүзілік допингке қарсы Агенттік тыйым салынған заттардың тізімін жылда жариялап отырады. Осы заттар мынадай санаттарға бөлінеді:
• ынталандырғыштар концентрацияны арттырып, шаршағанды басады, бірақ олардың жүрекке зияны көп; • стероидтер бұлшық ет пен күшті нығайтқанымен, жүректі, бауызды және репродуктивті жүйеге қауіпі зор, аяқ асты өлімге алып келуі мүмкін; • гормондар түрлі ауруларлда пайдалы болғанымен, өсіп келе жатқан жас организмге зиян тигізуі мүмкін; • диуретиктер салмақ тастап, азуға көмектескенімен, басқа тыйым салынған заттарды қолдануын бүркемелеп, ағзаның су тапшылығына, шаршағандыққа әкеп соқтырады; • есірткі ауырсынуды азайтқанымен, жарақаттың созылуына себеп болады; • каннабиноидтер (гашиш, марихуана) релаксант рөлін атқаруы мүмкін, бірақ координация мен концентрацияны жоғалтуға әкеп соқтырады. Егер абайсызда қабылдаған болсаңыз да, бұл допинг болып саналады. Ақырында денеңізге енгеннің бәріне де жауапты боласын.
Өз-өзіңізге мұқият болыңыз Сіздің спортшы екеніңізді білетін дәрігер тағайындамаған заттарды қабылдамаңыз. Дәріханаларда немесе супермаркеттерде «тек табиғи компоненттерден» тұрады деген жазуы болса да, көптеген заттар мен асқа қосарлардың құрамында тыйым салынған заттар болуы мүмкін. Өз дәрігеріңізге сіздің спортшы екеніңізді, қабылдайтын дәрі-дәрмектерге өте мұқият болу қажеттілігі туралы мәлімдеңіз. Қандай да бір медициналық көрсеткіштер бойынша сізге дәрі қажет болса, оны қабылдау спортпен шұғылдану мүмкіншілігіңізге әсер етпеуін кепілдеу амалдары бар. Мысалы, демікпеден дәрі қабылдауыңыз керек, сіздің спорттық ұйымыңыз бен дәрігеріңіз осы дәріні қабылдауға және спортпен айналысуға арнайы рұқсат бере алады. Осы процедура TUE (тыйым салынған затты тек медициналық көрсеткіштер бойынша қабылдауға рұқсат алу) деп аталады.
Адал жарыс рухы Спортта жетістікке жету үшін мінез-құлқыңыз дұрыс болуы тиіс. Абырой, намыс, сый-құрмет, командада жұмыс жасай білу, адалдық және ерлік спорттық өмірмен қатар жүруі тиіс. Осы қасиеттер «адал жарыс рухы» түсінігін құрайды. Бұл рух сіздің таңдауыңызға – не жақсы және не жаман, тікелей байланысты. Адамдар сіздің айынды қалай жүргізетініңізді байқайды. Сіз жақы немесе жаман ойыншы абыройына иеленіп, жаряс аяқталса да, атағыңыз артыңыздан ұзақ уақыт еріп отырады. Бұл адамдардың сізге деген қарым-қатынасын, сізді білмей тұрып-ақ, қалыптастыруы мүмкін. Спорт рухы мен жақсы абыройды сақтау үшін, әрдайым: • өзіңізді және басқалады (спортшыларды, судьяларды/реферилерді және ресми тұлғаларды) сыйлаңыз; • жарыс ережелері мен таза спорттың ережелерін орындаңыз; • жеңіске жеткеннен кейін де, ұтысаңыз да сыпайы болыңыз; • үлкен іс-шараның бір бөлігі болғаныңыздан рахат алыңыз! Адал ойын рухысыз спорттың еш мәні жоқ. Спортпен өзіміздің ерекше дарынымызды көрсету үшін, онымен бөлісіп, бір-бірімізбен достасып, қуанышқа бөлену үшін шұғылданамыз. Адал жарыс рухы осыған бар мүмкіндіктер береді.
Допинг-бақылау Есейе келе және спорттық нәтижелеріңіз жақсарған сайын сізді допингке тестілеуі мүмкін. Осындай тесттерді ұйымдастырудың мақсаты, алдағыштарды анықтау арқылы, спортық рухтың сақталуы болып табылады. Тестілеу жарыс кезінде де, жаттығу барысында да, жарыстан тыс кезеңде де өткізілуі мүмкін және алдын ала ескертусіз жасалады. Егер тестілеуден өтуден немесе тестілеу процедураларын орындаудан бас тартсаңыз, оң нәтиже анықталған спортшыға қатысты қолданылатын ықпалшаралар, сізге де қатысты қолданылады. Бұл теттер допинг-бақылау қызметінің өкілеттенген қызметкері, несеп сынамаларын алу арқылы, орындайды. Кейбір жағдайларда несеп пен қан сынамасы қажет болады. Сынамалар бекітілген зертханаға талдауға жіберіледі. Кейбір заттар өте аз көлемде және, оларды қабылдағаннан кейін, бір айдан соң табылуы мүмкін. Кейбір заттарды қолдануды дәлелдеу ағзада пайда болған өзгерістер арқылы жүзеге асырылады.
Ұсталдыңыз Допинг қабылдаумен ұсталған спортшылар спортпен шұғылданудан шеттетіледі. Спортпен төрт жыл бойы немесе өмір бойы айналыспағаныңызды көзіңізге елестетіңізші. Қаншама жаттыққаннан кейін, жарыстарды шеткі линияның арғы жағынан немесе трибунада отырып қана көре аласыз. Сондай-ақ допинг қабылдаумен ұсталсаңыз ұятты жағдайға тап боласыз. Достарыңыз, командадағы серіктестеріңіз, ата-аналарыңыз сіздің допинг қабылдағаныңызға, оларды алдағаныңызға қалай қарар екен? Ешкім допинг қабылдап, алдағыш адам болғысы келмейді. Қорытындылай келе, мен ойлануға сұрақ қойғым келеді: «жылдам» нәтижеге қол жеткіземін деп жасалған асығыс және қате әрекеттер, таза жеңістің қуанышы мен ляззатынан бас тартуға тұрарлық па?
Майра Бақашева
Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығының директоры