24.07.2019
МЕКТЕП СПОРТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде қыркүйек-қазан айларында «Birinshi Jastar Oiyndary» Бірінші жастар ойындары өткізіледі.

Қазақстанның Мектеп спорты Федерациясының төрағасы Нұржан Нұрахметов өз сұхбатында осы жоба туралы және басқа да жұмыстар жөнінде ой бөлісті.

Нұржан Мәлкенярұлы, кездесуге және Сіздің жобаларыңыздың бірқатар сұрақтарын талқылауға келіскеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Бірінші кезекте Сіздердің ұйымдарыңыз қашан құрылды, оның мақсаттары мен міндеттері қандай деген сұрақтар оқырмандар арасында қызығушылық тудыруда, соған жауап берсеңіз?

Мектеп спорты Федерациясы – бұл спорт жолына түскеніне үш-ақ жыл болған үкіметтік емес ұйым. Оның басты мақсаты, миссиясы – салауатты, дені сау ұлт қалыптастыру, салауатты өмір салты идеяларын жа-жақты енгізу және бұқаралық спортты насихаттау. Осындай нағыз түбегейлі қағидаттарды біз қоғам игілігі үшін барлық мүмкіндіктер мен қолда бар құралдарды барынша пайдалана отырып өмірге ендіріп келеміз.

Мектеп спорты Федерациясы халықаралық ұйымдарға қатысады ма?

Соңғы үш жыл бойы біз Халықаралық мектеп спорты федерациясы (ISF) қызметіне белсене қатысудамыз. ISF – 1972 жылы Бельгияда құрылған бүкіл әлемге жаhандық спорттық ұйым ретінде танымал. ISF мектеп спортын дамытушы және насихаттаушы 118 мемлекеттік біріктіреді. ISF саясаты оның спорттағы бұқаралықты қамтамасыз етудің бірден бір жақтаушысы, қолдаушысы екендігінің арқасында жер шарының барлық аймағында дерлік үлкен қолдауға ие.

ISF қандай спорттық шаралар өткізеді екен, ол да бізді қызықтырмай қоймайды?

Иә, ондай спорттық шаралардың қатарында - Бүкіләлемдік гимназиадалар, Танымдық ойындары, Инклюзивтік//Шығармашылық ойындар және Жауынгерлік сайыс ойындары, спорттың 45-тен астам түрлерінен әлемдік және континенталдық біріншіліктердің өткізілетіндігін атап өтуге болады. Ағымдағы жылы маусым айының ортасында Қазақстан Будапеште ұйымдастырылған Бүкіләлемдік жауынгерлік саайы ойындарына алғашқы рет қатысты. Оның бағдарламасында еркін және греко-римдік күрестері, дзюдо, каратэ және таеквондо секілді жекпе-жек түрлерінен жарыстар өткізу көзделген. Тартысты жарыстардың қорытындысы бойынша біздің команданың қанжығасына 5 алтын, 10 күміс және 3 қола медальдары тағылды. Командалық есепте еркін күрестен біздің балалар Ресей және Америка Құрама Штаттарының командаларының иықтарын жерге тигізіп бірінші орынды жеңіп алды. Спортшыларымыздың нәтижелері таң қалдырарлық, олардан айрықша әсер алдық. Командаларымыздың мүмкіндіктері өте күшті, ол, әрине, қуантпай қоймайды. Алда Бүкіләлемдік гимназиада, оның нысаны Олимпиадалық ойындарға теңестірілген. Сондықтан да бұл бағытта үлкен ауқымды жұмыстар күтіп тұр.

Құттықтаймыз, тамаша жаңалық! Біздің жас дарындарымыз Бүкіләлемдік гимназиада алаңдарында да өздерін жақсы жағынан көрсете алатындығына сенімдімін. Сіздің командаңыз осы жобаларды жүзеге асыруға қалайша бел байлады, сол жайында айтып беріңізші?

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудың тиімділігі тәжірибесін сараптай келе, олардың басым көпшілігі тұрақтылық сипатына ие емес және нақты бір әлеуметтік проблема шешуге ықпал ете алмайды, соны шын мәнісінде мойындауымыз керек. Қазіргі жағдайларда күрделі өмірлік талқыға тап болған балалардың әлеуметтік жағдайы ерекше алаңдатушылық тудырады. Талдау көрсеткендей, ондай балалардың барлығы дерлік өз-өзін қалыпты алып жүруге, жетілдіруге, оның ішінде, спортта да өз ойын іске асыруға мүмкіндік таппайды. Көп жағдайда ол жанұядағы кикілжің-алауыздық, ата-анасының жұмыссыздығы, олардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы, балалардың құқықтарына тосқауыл қоятын тұрмыс дейгейінің өте төмендігі және тұрмыстық күш-қорлық сияқты ауыр мән-жайлармен байланысты. Осындай аталған барлық факторлар тоөңірегінде балалар көптеген әлеуметтік игіліктерден құ алақан қалуда. Нәтижесінде қайыршылық пайда болады, балалардың иммунитеті әлсірейді, олардың денсаулығы мен психикасында елеулі ауытқушылықтар таралады, қылмысқа итермелеушіліктің алғышарттары өседі.

Статистика бар ма?

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі істер органдарына панасыз және тиісті қадағалаусыз қалған 38 мыңнан астам балалар жеткізілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құқық бұзған 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандар арнайы есепте тұрған. Келтірілген мәліметтер, ең алдымен, отбасында балаларды тәрбиелеудің және оларды игілікті істермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау сұрақтарындағы кемшіліктерді, оның ішінде, жалпы білім беру жүйесі субъектілерінің сыныптан тыс қызметі щеңберіндегі елеулі олқылықтарды айқын дәлелдейді.

Көп балалы отбасыларда да проблемалар жетерлік емес пе.

Иә, сіз өте дұрыс мән беріп отырсыз. Төрт және одан көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайы нашар күйінде сақталуда. 2017 жылы олардың жалпы саны 324 мың адамға дейін өсті. Жеткілікті деңгейдегі табыспен олардың барлығы қамтылмағаны жасырын емес, ал заңмен кепілдік берілетін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету көлемі мұқтаж аналардың әлеуметтік мәселелерін толық көлемде шеше алмайды. Мұндай ахуал, өкінішке орай, әлі күнге дейін өзгеріссіз. Осылайша пайда болған жағдай түбегейлі шешімдер қабылдауды талап етеді. Әлеуметтік осал қабат тұрғындардың балалары қатыса алмайтын жер-жерде коммерциализацияланған//тек қаражаттың күшімен өткізілетін спорттың кең тарауын назарға ала келе, біздің жоба мектептік спорт клубтарын қайта жандандыруға, жалпы білім беру жүйесі субъектілерінде дене-шынықтыру спорттық жұмыстарды жетілдіруге, бір сатылы жарыстарды ұйымдастырып өткізуге, соның қатарында, балаларды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға баулу және педагогикалық шеберлік деңгейін арттыруға бағытталады.

Аталған проблемаларды Сіз бір жобамен шешесіз бе?

Шешу емес, назар аудару, тиісті көңіл бөліп, күш-құралдарды қажетті салаға бағыттау. Кез келген осындай жобаның түпкілікті нәтижелері тек тиісті шараларды ұйымдастырып өткізумен ғана шектелмесе керек, сондай-ақ уәкілетті органға оның жұмысында нақты саланың тиімді дамуына кедергі келтіретін алғышарттардың алдын алуға, оларды жоюға негізделген ұсыныстар даярлау, және өзге де шаралар қабылдауына ықпал ету. Біздің қоғамымыздың қайта дамып өрлеуі жолында әлеуметтік жобалардың атқаратын ролі өте маңызды екендігін баса айтуымыз қажет.

Жобамен азаматтардың қандай санаттары қамтылады және сайыс бағдарламасына спорттың қандай түрлерін қосуға шешім қабылданды?

Жоба 14 пен 17 жас арасындағы жастарды қамтиды. Ол жоғары жетістіктер спортын ұстанбаған, бірақ өз ұмтылысын спорттық жеңістерден көретін жасөспірімдерге бағытталады. Осылайша, оларға жеңілдетілген ережелер бойынша тең бәсекелестік сайыста ең күшті атануға мүмкіндік беріледі. Ойын бағдарламасы волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және спорттың әскери-қосалқы түрлерінен жарыстарды көздейді.

Ойындар қайда өтеді және балаларды не күтіп тұр?

Іріктеу кезеңі қыркүйектің басында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді, ал финалдық бөлімі қазан айында Щучинск-Бурабай курорт аймағында өткізіледі. Іріктеу ойындары мен финал жеңімпаздары және жүлдегерлері лайықты жүлделермен, дипломдар, медальдар және сертификаттармен марапатталады.

Мазмұнды сұхбатыңыз үшін Сізге деген алғысымыз мол, осы жобада жетістіктер тілейміз.

Кристина Абдуллаева