2019 жыл біздің елімізде Жастар Жылы болып жарияланды. Елбасының бастамасы қоғамда үлкен жігер-шабытпен қабылданды. Жастар үшін биылғы ерекше жылы аймақтарда салауатты өмір салтын және спорттың бұқаралық түрлерін насихаттаушы көптеген спорттық бастамалар болй көтерді. Барлық өңірлерде спорт алаңдары ашылып, спорт объектілері жаңартылуда, көптеген спорт жарыстары өткізіліп, велосайыстар және марафондар он мыңдаған адамдарды жинап, халықтың жақсы дәстүрлеріне айналды. Мұндай шаралар спортты дамытуға және де дені сау ұлтты қалыптастыруға зор ықпал етеді. Осындай жағдай жасау тек жастарға ғана емес, сондай-ақ жұршылықтың бәріне де өздерін спортта танытуға барша мүмкіндіктерді береді. Олардың әрқайсысы, жас шамасына қарамастан, өз денсаулығын күшейтуге, мықты, епті, батыл, алдына мақсат қоя білетін адам болуға, күш-қайраты мен жігерін шыңдауға маңызды мүмкіншіліктер алады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғаның қалыптасуы үшін ауадай қажет. Жастарды спорт саласында жан-жақты қолдау мемлекетіміздің көлемді бастамаларының бірі болып табылатын - «Birinshi Jastar Oiyndary» алғашқы жастар ойындарынан бастау алады. Оның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру бойынша ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе Мектеп спорты Федерациясы. Ойын бағдарламасында волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және спорттың әскери-қосалқы түрлерінен 14 пен 17 жас арасындағы ұл-қыздардың арасындағы аймақтық іріктеу жарыстары қарастырылған. Ойындардың іріктеу турлары қыркүйектің бірінші жартысында жалпы білім беру мектептерінде, ал финалдық бөлімі Щучинск-Бурабай курорт аймағында қазан айында өткізіледі. Назар аударарлық бір мәнжай, ойындарға спорттық атақтары, разрядтары жоқ, сондай-ақ арнайы спорт ұйымдарына қатысы жоқ жасөспірімдер жұмылдырылады. Жарыстардың нысандары жеңілдетілген ережелерге сәйкестендірілген, ол, өз ретінде, ойындарға анағұрлым көп балалардың қатысуын қамтамасыз етеді. Алғашқы жастар ойындары – еліміздің ең күшті бастауы. Оларға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім беру басқармаларында құрылған Ұйымдастыру комитетіне жалпы білім беру мектептерінен өтініш білдіру жолымен қатысуға болады. Өз күштеріңізді сынаңыздар! Өз таланттарыңызды көрсетіңіздер!
Мәдениет Жақыпов,
Мектеп спорт Федерациясының менеджері