Ежелгі ұлттық ойындарымыздың бірі - «Тоғызқұмалақ».
Тоғызқұмалақ – бұл тақтайшада қисынды ойлау және ептілікке арналған интеллектуалдық ойын. Сонымен бірге ойын математикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді.
Ойынның негізіне 9 саны (9х9=81 және 2х9х9=162) қаланған.
Ойын тек есептеу жылдамдығынан ғана емес, сондай-ақ айла-тәсілдерден де құралады.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.
Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады.
Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған өзінің белгілі бір түсі бар сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер қолданылады.
9 отаудың әрқайсысының өз атаулары бар: 1 - арт, 2 - тектұрмас, 3 - атөтпес, 4 - атсыратар, 5 - бел, 6 - белбасар, 7 - қандықақпан, 8 - көкмойын, 9 - маңдай.
Ойынның негізгі міндеті – отаулардағы құмалақтарды «жүре» қозғай отырып, оларды өз «қазаныңда» анағұрлым көбірек жинау.
Жиналған құмалақтар жинақ отауына салынады. Ойыншылар кезек-кезек жүреді.
Жеребимен бірінші жүріс алған ойыншы өз қатарындағы кез келген отаудан бір ғана тас қалдырып, қалған барлық құмалақтарды алып, оларды солдан оңға қарай бір-бірден келесі отауларға салады. Бұл жерде ойынның мәні соңғы құмалақ қарсыластың отауына салынуы керек. Егер осы отаудағы құмалақтар саны жүріс аяқталған соң жұп болса, онда олардың барлығы ойнаушының «олжасы» болып оның қазанына ауыстырылады. Келесі жүрісті жасау құқығы қарсыласқа көшеді.
Егер ойыншылардың біреуінің отауларында бір де бір құмалақ қалмаса, онда оның қарсыласы өз қатарындағы барлық тастарды өз қазанына көшіреді. Ойын екі ойыншының біреуі өз қазанына 81 –ден көп құмалақ жинағанша жалғаса береді (сол ойыншы жеңген деп саналады), немесе екеуі де 81 құмалақтан жинаса (тең) – ойын тең аяқталды деп есептеледі.
Тоғызқұмалақ қазіргі уақытта да орасан танымалдылыққа ие, бұл ойынды ұнататындардың саны жыл сайын өсіп келеді.
Әлімжан Акбаров, Мектеп спорты Федерациясының қоғамдастықпен байланыс жөніндегі маманы