08.08.2019
САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ - САЛАУАТТЫ ҰЛТТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Тегін медицина, білікті дәрігерлер, сапалы және қымбат емес медикаменттер, жайлы жабдықталған ауруханалар, емханаларда кезек күтудің жоқтығы. Әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі өлшемдік көрсеткіштері осылай байқалса керек. Бұл ретте, аталған міндеттер әрбір мемлекеттік басқарушы үшін ұлттың денсаулығын жетілдірумен байланысты мәселелерді тиімді шешуде басым бағыт болып табылады. Мұның барлығы қоғам үшін өте маңызды екенін жоққа шығару орынсыз. Осы орайда, себеп-салдарларды жоюдан гөрі алдын алу шараларының анағұрлым нәтижелі екендігін естен шығарып ала береміз. Басқаша айтқанда, басым бөлігі балалық шақтан туындайтын созылмалы аурулардың асқынып кетуіне тосқауыл қоятын алдын алу қадамдарының маңызы зор. Ата-аналары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына оң ықпал етуі керек, оларға айқын әрі тәжірибелік үлгі болулары тиіс, себебі дене шынықтыру және спортпен бірге шұғылдану олардың жаттығу үрдісіне ыңғайлануына көмектеседі және де жаттығуларды қызықты етіп өткізеді. Кейде өзіңді және балаларды таза ауада серуендеуге немесе қала бақтарында не мектеп стадиондарында жүгіруге баулыса соның өзі де жеткілікті болар еді. Ұйықтап тынығу және ұйқыдан тұру режиміне жеке тоқталуды жөн санаймыз. Бұл өте маңызды нәрсе, өйткені тек ұйқысы қанған бала Сіздің серуендеу не жүгіру туралы ойыңызды қолдайды. Тиесілі уақытта дұрыс дем алмаған организм Сіздің кез келген бастамаларыңызға қарсылық білдірері анық. Ал белсенді дене шынықтыруға таңертеңгі сағаттарда уақыт бөлген жақсы. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану сұрақтарына да ерекше көңіл бөлу қажет. Жөн-жосықсыз тамақтану барысында Сіздің баланы салауатты өмір салтына үйрететін барша іждағаттарыңыз құр уақытты босқа өткізу болып табылады. Тамақтанудың қазіргі уақыттағы инфрақұрылымы балаларды кез келген жерде сатыла беретін дәмді, тәтті, бірақ зиянды өнімдерді пайдалануға итермелейді. Балаларға зиянды азық-түліктермен тамақтануға тыйым салу жолымен олармен ұрыспас үшін, ең алдымен, осы сұрақты егжей-тегжейлі зерделеу ұсынылады. Жақында жүргізген талдау көрсеткендей, фаст-фудтардың барлығы да табиғы таза азық-түліктерден үй жағдайында да дайындала береді, оған тек тексерілген және сапалы қоспаларды пайдаланса жеткілікті. Ал егер тамақты әзірлеуге балаларды қатыстырсаңыз, дұрыс тамақтану мен дәмді тағам дайындауға әуестендіру сияқты екі мәселені біріктіруге болады. Қорыта келе, Сізден сұрағым келіп тұр – қайсысы тартымды және жанға жай, спортпен шұғылдану ма әлде ауруларды емдеу ме?

Зейнулла Ақан,

Мектеп спорт Федерациясының менеджері