Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өткен жылы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл жастарымыздың бастамаларын қолдайтын шын мәнісіндегі маңызды шешім. Жастар Жылы жаңа мүмкіндіктерді ашып берді, оның ішінде, жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту мен бос уақытты дұрыс өткізудің жаңаша нысандарын ендірді. Мемлекеттің жан-жақты қолдауына сүйене отырып үкіметтік емес ұйымдардың жүзеге асыратын жүздеген әлеуметтік маңызды жобалары қоғамның сана-сезімін жаңартуға, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жас отбасыларды және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Мемлекеттің жастар саясатында гранттарға үлкен мән беріледі. Қаржылай қайтарымсыз жәрдем берудің осындай нысанының арқасында азаматтардың әлеуметтік сауықтырылуына бағдарланған көптеген идеялар мен жобалар өмірімізге ендірілуде.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Мектеп спорты Федерациясымен Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру бойынша ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе салауатты өмір салты және бұқаралық спортты насихаттау идеяларын қамтамасыз етуге арналған үлкен көлемді спорттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба - «Birinshi Jastar Oiyndary» - спорт түрлерінен кешенді жарыстарды ұйымдастырып өткізуді көздейді. Ойындар жоғары жетістіктер спортын мақсат етпесе де өз жігерін спорттық жеңістерге арнаған балалар үшін нағыз тартыс алаңдары болып есептеледі. Мұндай формат балалардың спортқа деген қызығушылығн арттырары сөзсіз, сондай-ақ оларға жеңілдетілген ережелер бойынша тең бәсекелестік жарыста ең мықты, жылдам әрі күшті атануға тамаша мүмкіндік береді. Ойындардың іріктеу турлары қыркүйектің бірінші онкүндігінде облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді, ал финалдық бөлімі Щучинск-Бурабай курорт аймағында қазан айында өткізіледі. Ойын бағдарламасы волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және спорттың әскери-қосалқы түрлерінен 14 пен 17 жас арасындағы ұл-қыздардың арасындағы жарыстарды көздейді.
Жарыс кезеңі 5 мыңнан аса жасөспірімдердің басын қосып, мемлекет пен қоғамның назарын салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп спортының және жалпы білім беру жүйесі субъектілерінің спорттық инфрақұрылымының даму мәселелеріне аударады. Іріктеу ойындарының, сонымен қатар, финалдың жеңімпаздары, жүлдегерлері түрлі дәрежедегі лайықты жүлделермен, дипломдар, медальдар және сертификаттармен марапатталатын болады. Бұл жоба жастарды спорттық өмірге тарту ісінде күшті ынталандыру құралы болатындығына сенімім мол.
Мәдениет Жақыпов, Мектеп спорт Федерациясының менеджері